А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде студент жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, сенімділікті шайқалтатын қауіпті құбылыс. Онымен күресу – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың міндеті.
Адалдық пен әділдік – мықты елдің негізі.
Әркім өз орнында адал еңбек етіп, заңды құрметтесе – жемқорлыққа орын жоқ.
Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін апат. Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.
Ешқандай жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары емес.
Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық ғана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік.
Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Бұған жол бермеңіз, адал әрі парасатты болайық.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою.
Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет.
Елімізге Сіздің жанқиярлығыңыз бен адалдығыңыз қажет. Қоғамымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресіңіз.
Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер.
Сыбайлас жемқорлықты қөре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген – call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс. Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз.
Сыбайлас жемқорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен күрес – бұл қоғамдағы әділдік пен теңдік үшін күрес.
Бүгінгі таңда біз қоғам болып бірігіп, осы кеселге қарсы тұра алатынымызды дәлелдеуіміз қажет. Жемқорлыққа «жоқ» деп айту – ел болашағына қосқан үлесің!
