Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша мәжіліс өтті.
Жиында аудан әкімі рейдтік шараларды күшейтуді, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және профилактикалық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, ата-аналармен, жастармен және учаскелік инспекторлармен бірлесе әрекет ету қажеттігі атап өтіліп, аудандық қоғамдық даму бөлімі мен жастар ресурстық орталығына нақты міндеттер жүктелді.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керектігін қатаң ескертті.
