Жалағаш аудандық прокуратурасының үйлестіруімен «Заң және тәртіп апталығы» акциясы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған “Қаржылық сауаттылық, қаржы қауіпсіздік” акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында халыққа қызмет көрсету орындарында тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, қаржыға байланысты құқықтық кеңестер берілді.
Қатысушыларға құқықтық мазмұндағы үнпарақтар таратылып, қаржылық алаяқтық, заңсыз несие рәсімдеу, кепілсіз ақша ұсыныстары сияқты тәуекелдер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұндай бастамалардың мақсаты – азаматтарды өз құқықтарын білуге, жеке қаржысын дұрыс басқаруға, алаяқтыққа жол бермеуге үйрету.
Прокуратура тарапынан жүргізіліп отырған мұндай жұмыстардың негізінде қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қаржылық қауіпсіздікке жету міндеттері тұр.
Құрметті тұрғындар, өз құқықтарыңызды біліп жүріңіздер.
Қаржылық сауаттылық – тек сіздің емес, отбасыңыздың да қауіпсіздігі!
