Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды. Олардың жастары 4, 6 және 8 жаста.
Меркі ауданында анасы балаларын жалдамалы пәтерде тастап кеткен. Үйге оралған кезде газ иісін сезіп, қыздарын ауруханаға жеткізуге тырысқан.
“Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.