«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөліміне қарасты ББ-Б-21 оқу тобы, топ жетекшісі Г.Ж.Наубетова және ББ-Б-21к оқу тобы, топ жетекшісі А.Н.Асылбекованың ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және оның алдын-алу жолдары» атты семинар өткізілді.
Мақсаты: буллингтің себептері мен түрлерін түсіндіру. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Ұжымында сыйластыққа,
бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Шараға Қызылорда Қызылорда қаласының полиция басқармасының Анықтау бөлімінің бастығы Аблаким Нариман Сәрсенбайұлы және Жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Қараманова Қарагөз Сериковна, колледж психологы Жанат Уәлибекқызы, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің меңгерушісі Арыстанбекова Гүлзира Изенбекқызы, топ жетекшілер және білім алушылар қатысты.
Семинар барысында білім алушыларға буллинг жайлы бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Шараға қатысқан Қызылорда Қызылорда қаласының полиция басқармасының Анықтау бөлімінің бастығы Аблаким Нариман Сәрсенбайұлы буллинг жасалған кезде қалай қорғануға болатынын, сонымен қатар, буллингке жол берілген жағдайда ҚР заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылу жолдары қарастырылатынын және оның салдары қандай болатынын түсіндірді. Жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Қараманова Қарагөз Сериковна буллинг жайлы және әлеуметтік желіде қорлау оқиғалары туындаса жәбірлеушіні бұғаттап, «111, 150 шұғыл қызмет байланыс орталығына» немесе 101 сенім телефонына хабарласу керектігін мәлімдеді. Колледж психологы Жанат Уалибекқызы кибербуллингтің алдын алу үшін: Ашық қарым-қатынас; Цифрлық сауаттылық; Құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін баса айтты. Шара соңында студенттермен бірге тренингтер жүргізілді. Білім алушылар тарапынан буллингтің табиғаты, жәбірлеуші мен зардап шегушінің негізгі айырмашылықтары жөнінде бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті жауап берілді. Шараны қорытындылай келе арнайы мамандар бірлесе жұмыс істеуге, әріптестікті дамытуға уағдаласты.

БӨЛІСУ