Ағымдағы жылдың 23-қаңтарынан бастап 2022 жылғы 1-қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Тіркеу жұмыстары басталғалы барлығы 9785 көлік құралдары тіркеліп, заңдастырылды.
Ағымдағы жылдың 22-мамырынан бастап «Конструктор» ретінде шет мемлекеттен алып келінген автокөліктерді тіркеу үшін азаматтардан өтініштер қабылдануда.
Қазіргі таңда, иеліктен шығару құқығынсыз 275 автокөлік тіркелді. Олардың 134-і Армения Республикасы, 131-і Ресей Федерациясы, 10-ы Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тіркеу куәлігімен өтініш білдірген автокөліктер.
Шетелдік көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидалары, шарттары мен мерзімдері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысының негізінде тіркеу жұмыстары 2023 жылдың 1-шілдесіне дейін жүргізілетіндігін ескере отырып, облыс тұрғындарын шетелдік автокөліктерін тіркеуге шақырамыз.
Көлік құралдарын тіркеу мәселелері яғни, өтініштерді қабылдау уақытының ұзартылғандығы жөнінде әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарауына байланысты алдағы уақытта уәкілетті органдармен берілетін түсіндірмелерге мән беруді шақырамыз және қосымша сұрақтарыңыз болса, Қызылорда облысының ПД, Әкімшілік полиция басқармасының 21-20-93 және 29-73-52 нөмірлі Call орталығынан біле алатындығыңызды хабарлаймыз.

БӨЛІСУ