Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінде шаруа қожалық төрағаларымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі аяқ судың тапшылығына байланысты, еккен егін мен төккен тердің бос кетпеуі үшін шаруа қожалық төрағаларынан келісілген мөлшерден артық күріш дақылын екпеуін сұрады. Сондай-ақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, шаруа қожалық төрағаларына бірлесіп, өздері су алып отырған каналдарға насос қондырғыларын орнату арқылы, қысылтаяң шақта шығынсыз шығудың қамын қарастыру керектігін баса айтты. Бұл ұсынысты төрағалар бір ауыздан қолдап, бірнеше каналға электрлі насос қондырғыларын орнатуға келісім берді.

Айта кетейік, насос қондырғылары орнатылғанан кейін «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің қарамағына өтіп, орнатуға кеткен шығындарды мекеме есебінен өтеу жолдары қарастырылатын болады. Сонымен бірге, электр желілерін тартуға аудандық КРЭК мекемесі де атсалысады.

БӨЛІСУ