Облыстық аумақтық инспекциясында Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және химиялық өңдеу жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығын пысықтау мақсатында Облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың төрағалығымен семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық аумақтық инспекция басшылары, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, РФДжБӘО ММ облыстық, аудандық филиал басшылары, және химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер қатысты.
Биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы жазғы – күзгі мониторинг қортындысымен 2023 жылы 53,680 мың га жерге (оның ішінде италиялық прусқа қарсы 6,980 мың га. азиялық шегіртке 46,700 мың га) химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда.
Химиялық өңдеу жұмыстарын «Дельта-Юг» ЖШС-і, «Пестмозг» ЖШС-і, «Самғау-Агро» ЖШС-і, жүргізетін болады.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына 4 арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақтар қатыстырылады.
Қауын шыбынына қарсы зерттеу жұмыстары басталып, бүгінгі күні 35 га жер зерттелді. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен 1750 га жерге улы химикаттар бөлінеді деп жоспарлануда.Облыс аумағында карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының 2 дана каффини, 2 дана трактор, 15 дана арқалайтын бүріккіш, 1 дана су тасығыш техника, 1 дана УАЗ, 1 дана Газель техникалары қатыстырылуда.
Семинар кеңес ерекше қауіпті шегіртке зиянкестерінің дернәсілдері мен карантиндік объектілерге қарсы мониторинг пен фитосанитариялық күрес іс-шараларын және мердігер мекемелердің, химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы, сапалы жүргізілуін орындау жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, қорытындыланды.
2023-05-29
