Тауман Назарбаев үйленгелі жатыр: тойы елордадағы қымбат қонақүйлердің бірінде өтеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Асель Исабаевадан туған үлкен ұлы, 21 жастағы Тауман Назарбаевтың үйлену тойына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы https://qaz.ulysmedia.kz/news/42068-nursultan-nazarbaevtyn-uly-astanada-shanyrak-kotermek/ дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, салтанатты шара елордадағы ең қымбат қонақүйлердің бірі – The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтеді деп жоспарланған. Болашақ қалыңдықтың бұрынғы индустрия вице-министрінің қызы екені айтылады.
Дереккөздердің мәліметінше, тойға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қонақүй маңындағы аумақты қоршау жұмыстары мереке қарсаңында басталған.
Той қонақтарының арасында ірі кәсіпкерлер, саясаткерлер және Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік кезеңінде ықпалды болған, қоғамда «Ескі Қазақстан» өкілдері ретінде танылған тұлғалар болуы мүмкін.
Айта кетейік, аталған ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.