Қармақшы ауданы, Жосалы кенті орталығында «КОФЕ-ЛАТТЕ» атауымен жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды. Нарықтағы қажеттілікті зерттей келе, Қармақшылық кәсіпкер А.Исабеков фастфуд өнімдерімен кофенің түр-түрін дайындайтын дәмхана бүгіннен бастап, өз қызметін бастады.

Айта кетейік бұл “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның “Жастарды шағын несиелендіру” жаңа бағдарламасы арқылы жалпы құны 5,0 миллион теңге қаржыландырылды. Нысанда 3 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылған. Мекен-жайы: Көшербаев көшесімен Қорқыт ата көшесінің қиылысы (бұрынғы Емендәлет сауда үйі)

Қармақшы ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 4 323 бірлікті құрап, 107,2 пайызға, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 4 000 бірлікке,
107,7 пайызға артып, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылап келеді.

БӨЛІСУ