Аудан әкімі «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-ның жұмысымен танысты.
Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-ға барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты.
Сапар барысында аудан басшысы кәсіпорын қызметкерлерімен тілдесіп, өндіріс процесінің қалай жүретіндігін бақылады. Сондай-ақ, кәсіпорынның зертханасын, тынығу бөлмесін және бірнеше арнайы бөлмелерді аралап, жұмысшыларға жасалған жағдай мен қауіпсіздік шараларымен танысты.
Айта кетейік, еліміздегі әрі уран өндіруші кәсіпорын – «№6 Кен Басқармасының» құрылғанына биыл 40 жыл толып отыр. Бүгінде мұнда жалпы – 509 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде жұмысшылардың саны – 429 адамды құрайды. Кәсіпорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы – 420 мың теңге.
Өзінің алғашқы жылдарынан бастап кәсіпорын металл өндіруді жүйелі түрде ұлғайтты, қуатты құрылыс базасын құрды және заманауи автомобиль паркін құрды. Сонымен бірге байланыс, энергетика және коммуналдық қызметтерін дамыды. Әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-ң ұжымы үлкен өндірістік әлеуетке, бірегей технологияларға, қуатты өндірістік базаға, жоғары білікті мамандарға ие бола тура , жоғары сапалы өнім шығарады.
Мұнда мансапты бастаған жүздеген білікті және жоғары білікті мамандар «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының әртүрлі кәсіпорындарында жұмыс атқарады.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі