Алимент бойынша 7000-ға жуық борышкерге шетелге шығуға тыйым салынды – Әділет министрлігі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.
Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептері негізінен борышкерлерде ресми жұмыс орнының, кірістің, өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы болып табылады.
Алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдайды.
«Өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, 2023 жылдың 5 айында республика бойынша осындай 1 362 борышкер жұмысқа орналастырылды», – деді министр.
Бүгінгі таңда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша оларға заңмен көзделген мемлекеттік көмек ретінде тегін құқықтық көмек көрсету үшін бюджеттен 2 млрд 719 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар 89 852 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген, деді спикер.