Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов айтулы мерекелерге орай мемлекеттік қызметшілерді және полиция қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шарада шаһар басшысы «Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділетті Қазақстанды құру ісінде мемлекеттік қызметшілерге ерекше міндет жүктелетінін айтып, “Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін”, – деген болатын. Расында, ел сеніміне селкеу түсірмеу – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл ретте, халық ұйғарған жұмысты қалт жібермей, мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет етуді азаматтық парызы санаған барша әріптестеріме шексіз алғысымды білдіремін», – деді.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша 165-ке жуық мемлекеттік қызметші шаһардың дамуына сүбелі үлес қосуда. Олардың жартысынан астамы – нәзік жандылар.

БӨЛІСУ