Жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсыра алады.
«Ұлттық ақпараттық технология» АҚ командасы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық өтініш беру үшін жаңа қызметті іске асырды. Бұл өте ыңғайлы және қызметкерлердің уақытын үнемдейді, сонымен қатар онлайн форматта тапсыру мерзімі қағаз тасығыштан кешірек болады, бұл қазақстандықтарға декларацияны уақтылы толтыруға көмектеседі.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Аzamat мобильдік қосымшасы (ЭЦҚ кілтінсіз болуы мүмкін), сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарына немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына бару тәртібімен және пошта арқылы қағаз жеткізгіште ұсынуға болады.
Сонымен қатар 2023 жылдан бастап жеке тұлғаларға кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы портал арқылы да ұсынуға болады.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» – «Кеден және салықтар» – «Салық салу» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызмет Egov Mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» – «Арнайы қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.
Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «Кіріс» декларациясын (250.00-нысан) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары тапсырады.
Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары да іске асырылған сервистерді («Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Аzamat қосымшасы және eGov.kz порталы) пайдалану жолымен декларацияны ұсына алады.
Жеке тұлғалар үшін активтер мен міндеттемелер және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды қағаз жеткізгіште беру мерзімі – декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, электрондық түрде – 15 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы керек.