Қызылорда облыстық сотында сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, әдеп кодексінің сақталуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша еркін форматта семинар сабағы өтті.

Семинарды Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын ескере келе, мемлекеттік қызметші жұмыста және одан тыс уақытта қарапайым болып, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұруға; азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауға міндетті екенін атап өтті.

Оқу семинары сайыс түрінде өтті. Қатысушылар екі командаға топтасып, бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына қатысты дайындалған сұрақтарға да жауап берсе, екінші кезеңде ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастыру бойынша ситуациялық тапсырмаға топ болып жауап берді.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаз командаға сыйлықтар берілді. Семинарды қорытындылаған М.Асанова мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы. Барлық қызмет алушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде қамтылған мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтауды, әріптестер арасында сыйластықты қамтамасыз етуді тапсырды.

БӨЛІСУ