Қызылорда облыстық соты мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті талқылап, түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдармен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімдігінің аппараты, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау, Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Қызылорда облысының білім, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары мен басшы орынбасарлары және мамандары қатысты.
Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова ««Мемлекетік органдар тарапынан өткізілетін конкурстар барысындағы ӘРПК бойынша туындаған мәселелер» тақырыбына тоқтала келе, бүгінгі кездесудің маңыздылығы мен қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Мемлекеттік органдармен тағайындалған тексеру жүргізу барысындағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптары бойынша баяндама жасауға Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаеваға сөз берді. Баяндамашы әкімшілік рәсімдерді жүргізу барысында ӘРПК-нің қағидаттарының сақталу маңыздылығына, әкімшілік рәсімді қозғау негіздеріне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында алқа төрағасы осы уақытқа дейін әкімшілік органдармен лауазымды адамдардың шешімдері және әрекеттерімен (әрекетсіздіктері) соттармен заңсыз деп танылғанын, мұның ішінде жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік актілері аз емес екенін негізге ала отырып, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды әкімшілік қалау өкілеттігін пайдалана отырып, өз алаңдарында шешулері тиіс екендігі жайлы айта келе, дауларды сотқа дейінгі реттеу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Қатысушылар тарапынан мемлекеттік сатып алу шарттары, жер даулары, конкурс өткізу және оның нәтижелері бойынша, жеке ұйғарымдарға қатысты сұрақтар қойылып, судьялар тарапынан жауаптар берілді. Кездесудің нәтижесі бойынша әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ұсыныстар мен ескертулер айтылып, талқыланды.