Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Айдарбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте салық базасына байланысты берілген тапсырмаларға талдау жасалып, орындалу барысы талқыланды.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол – аудан бойынша салық базасын ұлғайту және 2022-2024 жылдарға арналған салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша резервтерді анықтау алгоритмі жөніндегі жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы болды.
Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев және Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшының міндетін атқарушы Жаңбырбай Табынбай хабарлама жасады.
Мұнан соң І жедел жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы Әйтеке би кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы Тәуіржан Құлмұратов айтып өтті. Сондай-ақ, ІІ жедел жұмыс тобының жұмыстары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Сәтбай Айдарбек түсіндіріп берді.
Басқосу барысында Күнтілес Айдарбекұлы салық салу базасын ұлғайтуға қатысты бірқатар жайттарды қозғап өтті. Сонымен қатар кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне алгоритм бойынша жұмыстарды сапалы, уақытылы орындауды тапсырды.