2023 жылдың 9 маусымында Бас прокуратурада Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Г.Тәшімбаевтың Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы А.Ж. Бикебаевпен адвокаттық қоғамдастықтың прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Қылмыстық орбитаға тартылған тұлғалардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ олардың білікті заң көмегін алу құқықтарын нығайту прокуратура органдары үшін басым міндеттер болып табылады.
Қазіргі уақытта бұл бағыт бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі, қылмыстық процесте қорғаушы тараптың өкілеттіліктерін едәуір кеңейтетін заңнамалық актілерге өзгерістер, түзетулер енгізілді.
Тергеу органдарының жұмысын жаңғыртумен бір уақытта қылмыстық процесте адвокаттардың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Адвокаттар өздерінің қорғалушыларына қатысты барлық іс жүргізу құжаттарымен таныса алды, сондай-ақ іс бойынша сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық жасай алады.
Мысалы, СДТБТ-де «Жария сектор» электрондық порталы іске қосылды, оның көмегімен қылмыстық процеске қатысушылармен олардың қорғаушылары тергеушіге немесе прокурорға шағымдармен өтініштерді тікелей бере алады, сондай-ақ оларға жауап ала алады. Сандық форматтың арқасында адвокаттар электрондық материалдарға кез келген уақытта қол жеткізе алады. Бұл қылмыстық процестің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады.
Тақырыптардан басқа, басқа да өзекті мәселелер айтылды.
Атап айтқанда, прокуратура органдарының «Азаматтарды қабылдау орталығы» үй-жайларында адвокаттардың интернет-модульдері бар мобильді құрылғыларды және басқа да (ноутбуктерді) техникаларды алып жүруіне және пайдалануына шектеулерді алып тастау бойынша жәйттері қозғалды.
Кездесу соңында тараптар сындарлы диалогпен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді.