Қызылорда облысының бас полицейі жеке қабылдау өткізді.
Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Бүгін “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысының Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған облыс тұрғындары шағымдарымен, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша кеңес алу мақсатында жүгінді. Махсудхан Нұғманұлы тұрғындардың талап – тілегін мұқият тыңдап, заңға сәйкес түсіндірме берді.
«Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаментінің қатаң бақылауында. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.Бүгін менің қабылдауыма 6 азамат келді. Олардың әкімшілік , кадр және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірмелер беріліп, бақылауға алынды. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады» – деді Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан.