«Есірткісіз аймақ» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қалжан ахун, С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің аумағында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарын аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының жедел істер жөніндегі орынбасары Ә.Қанзадаев және жұмысшы топтың мүшелері, ерікті жастар қатысып, елді мекендерді аралады.
«Есірткісіз аймақ» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сырдария ауданына қарасты Қалжан Ахун ауылдық округінің аумағында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстарға аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының жедел істер жөніндегі орынбасары Ә.Қанзадаев, ауыл әкімі Ғ.Акбаров және аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топтың мүшелері қатысты. Арнайы 2 автокөлік пен дрон құрылғысы қолданылды.
Жұмысшы топтың негізгі мақсаты кент және ауылдық округтерде есірткі егіс алқаптарын анықтау, есірткі және психотропты заттардың айналымының жолын кесу, арнайы патрульдеу шараларын жүргізу, ауданға қарасты барлық аумақта зерделеу және тексеру жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды атқарылған жұмыстар мен профилактикалық шаралар бойынша ақпараттандыру.
Айта кету керек, «Есірткісіз аймақ» жобасы бойынша іс-шара 2023 жылдың аяғына дейін жалғасатын болады және ауданның барлық елді мекендері толық қамтылады.