Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқыту өткізілді. Аталған жиында күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
Ең алдымен қосымша жер учаскелерін табыстаудың жүргізілу тәртібі туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы М.Ысқақ баяндады. Сол секілді аталған жағдай бойынша облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының сектор меңгерушісі Нұрсұлтан Ақылбеков “Zoom” платформасы арқылы түсіндірме жасады.
Мұнан соң спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орысбек Жамшейтов айтты.
Сонымен қатар Қазалы ауданы әкімі аппаратымен кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар жайында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Абай Дидаров, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Ардақ Жанұзақ және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Дидар Сәдуақас тоқталып өтті.
Семинарға қатысушылар хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.