Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков пен кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов кәсіпкерлер палатасы алаңында азаматтарды қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар қаржы пирамидасы бойынша сауалдарын жолдап, заңды тұрғыда кеңес алды.
Департамент өндірісіндегі “Chia-Tai Pharmaceutical” қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарапынан ауқымды сауал жолданып, тиісті жауап берілді.
Барлық келушілерді мұқият тыңдаған департамент басшысы нақты жауап беріп, алдағы уақытта бақылауда болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, аталған қаржылық пирамидасына салым салған немесе жобаға қатысқан басқа да тұлғалар болса департаментке келіп шағымдануға болатындығын жеткізді.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен “Chia-Tai Pharmaceutical” компаниясының басшыларына қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 217 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының тұрғындармен кездесуі Арал ауданында да өтті.
Департаменттің аса манызды істер жөніндегі тергеушісі М. Оралбаева және жедел уәкілі Қ. Ахметов Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен Арал аудандық көпсалалы колледжінде жастармен жүздесті. Спикерлер қатысушыларға қаражатты қалай жұмсау керектігі жайында толық ақпарат берді. Өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәсе­лелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажеттігін баса айтты.
– Сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік туралы білімнің
төмен болуы қаржылық алаяқтыққа, шамадан тыс қарыздар мен әлеуметтік проблемаларға, соның ішінде депрессияға және басқа да жеке мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам өз қаржысын дұрыс жоспарлай алуы қажет, – деді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М.Оралбаева.
Шара барысында қаржы пирамидасына байланысты арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олардан сақ болудың әдістері айтылып, қаржылық алаяқтыққа байланысты күмәнді жағдайды байқағанда департаменттің сенім телефонына немесе телеграмм желісіндегі «Baiqa, Piramida» ботына хабарласу керектігі түсіндірілдірілді.
Одан әрі кездесу аудандық мәдениет үйінде және Жақсықылыш кентінде жалғасты. Онда қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржыны тиімді пайдалану, қаржылық алаяқтықтан сақ болу бүгінгі күні кезек күттірмейтін маңызды мәселе екені сөз болды. Әрбір жиын соңында шараға қатысушылар сауалдарын жолдап, мамандар тарапынан тиісті кеңестерін алды.

БӨЛІСУ