“Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне” орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырды.

Оқушыларға Кинологиялық орталықтың аумағы көрсетілді. Балалар кинологтар мен олардың қызметтік иттерінің жұмысымен танысты, атап айтқанда: есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қылмыскерді құрықтау.

Кездесу барысында экскурсанттарға қызметтік иттердің тұқымдары мен әдеттері, оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды, сондай-ақ қызметтік иттердің ұзақтыққа жүрігу мен түрлі кедергілерді алу тәсілдері көрсетілді.

Қазақ жеті қазынаның біріне балайтын ит — адамның досы ғана емес, адал көмекшісі де. Әсіресе, құқық қорғау органдары саласында, шекара қызметінде иттердің қауіпсіздікті сақтауда үлесі зор. Шекара қызметінде қалыптасқан тәртіп пен табандылықты талап ететін елге қызметті, шекара шебінде ел тыныштығын күзетуді — осынау адал көмекшілерсіз елестету де мүмкін емес.

БӨЛІСУ