Қызылорда облыстық сотында Халықаралық құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында семинар өтті.

Қызылорда облыстық сотының судьясы А.Есдаулетовтың төрағалығымен өткен семинарға аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары қатысты.

Семинарды А.Есдаулетов ашып, бүгінгі тақырыптың мемлекет арасындағы құқықтық көмек көрсетуде маңыздылығы жоғары екенін атап өтіп, күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасау үшін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламановқа сөз берді.

Баяндамашы 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шарт туралы айтып, аталған шарт 1997 жылы 31 қазанда бекітілгенін, екі ел арасында азаматтық құқықтық қатынастар бойынша құқықтық көмек көрсетілетінін, алайда мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне нұқсан келетін болса құқықтық көмек көрсетуден бас тартылатынын атап өтті. Сондай-ақ бір мемлекеттің құзырлы органдары жасаған немесе куәландырған құжаттары екінші мемлекет соттарының алдында қолдану үші,н егер оларға тиісті түрде қол қойылған және ресми түрде мөрмен куәландарылған болса,  ресмилендіруге жатпайтынын айтты.

       Келесі болып Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Зейнулла “Халықаралық шарттардың түрлері мен қолданылу аясы” тақырыбында баяндама жасады. А.Зейнулла өз сөзінде халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы атынан – мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан – үкіметаралық шарттар, орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар атынан – мекемеаралық шарттар болып табылатынын атап өтіп, Қазақстан Республикасының халықаралық, шарттары тыйым салған қылмыстар үшін қылмыстық кодекстің нормалары қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын істі қараған кезде, сот Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиісті әрекеттің барлық белгілері қылмыстық заңға енген-енбегенін, ратификация мәселелерін, шарттың күшіне енген күнін және т.б. анықтау үшін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінің және халықаралық шарт тыйым салған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық заң нормасының мазмұнын зерттеуге тиіс екенін атады.

  Күн тәртібіндегі үшінші мәселе 22.01.1993 жылғы және 7.10.2002 жылғы Конвенциялар негізінде соттардан және шетел соттарының құзыретті органдарынан  түсетін Қазақстан Республикасы соттарының  шет мемлекеттердің құзыретті органдарына және басқа да соттарға орындауға жолданатын сот тапсырмалары бойынша Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова баяндама жасап, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастардың кейбір мәселелеріне тоқталып, жалпы ережемен таныстырды. Э.Ахметова тапсырма бірінші сатыдағы соттар құжаттардың түпнұсқаларын алған күннен бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімде орындалуға тиіс. Қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда тапсырманың орындалуын сот тапсырмасын жіберген аумақтық орган Департаментке міндетті түрде хабарлай отырып ұзартуы мүмкін екендігін атады.

Баяндамалардан соң ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова “Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек көрсетуі және құқықтық көмекпен жүгінуі туралы” Нұсқаулықпен таныстырса, бөлімнің бас маманы О.Қожаева Құқықтық көмек көрсетілуі мен құқықтық көмекпен жүгінуі барысында орын алалатын кейбір мәселелер туралы айтты.

Семинарды қорытындылаған А.Есдаулетов қатысушыларға баяндамаларды қамтылған мәселелерді қатаң бақылауға алуды тапсырды.

БӨЛІСУ