Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістеріне кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбагарова Жанар Жалғасқызы жүргізді.

Жиналыс тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпанындағы №802 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістері мен заңдары таныстырылды.

Сөз соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және осы іске әрбір азаматтың қосқан үлесі – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында бейне-проектор арқылы бейне жазбаларды қатысушыларға қарауға ұсынылды.

БӨЛІСУ