Инвесторлардың құқықтарын сот арқылы қорғау туралы. Жоғарғы Сот, АВА ROLI, USAID және Kazak invest «Инвесторлардың құқықтарын сот арқылы қорғау» атты дөңгелек үстел өткізді.

Форум жұмысына Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Аслан Түкиев, Жоғарғы Соттың судьялары, мемлекеттік органдардың, «Kazak invest» ұлттық компаниясының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, инвесторлар мен олардың өкілдері қатысты. Іс-шара туралы алдын ала хабарланып, кез-келген адам қатысушылардың сөйлеген сөздерін онлайн режимінде тыңдай алды.

А.Түкиев Жоғарғы Сот Төрағасының құттықтауын оқып берді. Онда Мемлекет басшысының әкімшілік әділетті енгізуге, сот жүйесін құруға және инвестициялық соттылықты реформалауға байланысты инвестицияларды тарту және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттілігі туралы тезистері аталып өтілді.

Қазақстандағы Американдық заңгерлер қауымдастығы (ABA ROLI) өкілдігінің басшысы Шолпан Ташмұхамбетова өз сөзінде республикада инвестицияларды дамыту факторы ретінде инвестордың заңды және әділ сот төрелігіне құқығын іске асыру туралы айтты.

А.Түкиев өз сөзінде 2022 жылы бизнеске қатысты даулар бойынша 8 мыңнан астам әкімшілік іс түскенін атап өтті. Ал елорданың мамандандырылған сотына 189 әкімшілік іс түсті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай 123 іс түскен болатын. Осы орайда істердің түсуінің тоқсандық өсімі 24%-ға жетті. Бизнесті салық, мемлекеттік сатып алу, жер, мемлекеттік қызметтер, аудит, монополияға қарсы күрес және кеден мәселелері алаңдатады. Инвесторлар салық даулары, кедендік және экологиялық төлемдер бойынша хабарламалардың күшін жоюды талап етеді. Олар мемлекеттік органдардың инвестициялық келісімдерді, келісімшарттарды бұзу немесе оларды ұзартудан бас тарту және т.б. туралы шешімдері жөнінде дауласады.

Өткен жылы және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында соттар шешімдердің 57%-ын бизнестің пайдасына шығарды. Істердің 55%-ы инвестордың пайдасына шешілді. Осы көрсеткіштер бизнестің серпінді даму үрдісін, мемлекеттік органда әкімшілік практиканы, соттың белсенділігін қамтамасыз ету ниетінің жоқтығын көрсетеді.

Алқа төрағасы «инвестиция» және «инвестициялық қызмет» терминдері бөлігінде заңға ұсынылып отырған түзетулерге, мемлекеттік орган жол беріп отырған негізгі заң бұзушылықтарға, ӘРПК бойынша инвесторларды қорғау тетіктеріне, ӘРПК мен АПК-ге енгізілген түзетулерге, сондай-ақ Жоғарғы Соттың заң шығаруға бастамашылық ету  құқығының жоқтығына назар аударды.

Форумда республика Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева инвесторлар мен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігін табу туралы, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Азамат Құсайынов шетелдер қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде туындайтын мәселелер туралы, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ вице-президенті, «Монополияға қарсы сарапшылардың Еуразиялық альянсы» қоғамдық бірлестігі Кеңесінің мүшесі Елена Добриян іс-әрекетте (әрекетсіздікте) монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы айтып берді.

Fortune partners басқарушы серіктесі Дана Токмурзина инвестициялық келісімшарттар болған кезде фискалдық органдардың инвесторларға қатысты бақылау жүргізу мәселелерін көтерді. Ал Дентонс Қазақстан серіктесі Айгүл Кенжебаева әкімшілік рәсімге және процеске қатысушылардың өз құқықтарын теріс пайдалану әрекеттерінің жолын кесу туралы айтты.

Сөз сөйлеушілер сондай-ақ Қазақстандағы сот актілерінің тұрақтылығы және олардың айрықша негіздер бойынша қайта қаралатыны, инвесторлар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу кезінде сенім құқығын қорғау, істердің соттылығы, әкімшілік органдардың сот шешімдеріне шағымдануының негізділігі және т.б. туралы әңгімеледі.

Осы кездесу өзара сындарлы іскерлік ахуал жағдайында өтті. Іс-шараға қатысушылар осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге ниетті  екендіктерін білдірді.

БӨЛІСУ