Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин Францияның Атом энергетикасы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатының атом энергиясы жөніндегі өңірлік кеңесшісі Александр Горбачев бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Басқосуда Еділ Жаңбыршин 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан баламалы энергетиканы дамыту, оның ішінде атом энергиясын пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы айтты. «Франциямен атом саласы бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары барысында 2022 жылғы қарашада бірқатар стратегиялық құжаттарға, оның ішінде, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы декларацияға  қол қойылды. Бұл бағыт еліміз үшін маңызды, бірақ қандай технология қолданамыз және радиоактивті қалдықтардың әсерін қалай азайтамыз деген сұрақтар бар» – деді комитет төрағасы. Өз кезегінде, А. Горбачев  осы салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын және Францияның атом энергетикасын дамыту жөнінде тәжірибесі жеткілікті ек енін айтты. Сонымен қатар кездесуге Мәжіліс депутаттары  Дүйсенбай Тұрғанов пен Бауыржан Смагұлов қатысып, осы саладағы пікірлерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

БӨЛІСУ