Балаларды ұрлау туралы халықаралық дауларды қарау практикасы туралы. Жоғарғы Сот, Сот әкімшілігі және Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры IRZ Шымкентте құқықтық көмек бойынша халықаралық семинар өткізді.

Форумға Қазақстан мен Германияның барлық өңірлерінің судьялары, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының сарапшылары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар қатысты. Олар халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы (1980 ж.) және азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдер алу туралы (1970 ж.) Гаага конвенцияларын қолдану ерекшеліктерін талдады.

Халықаралық бала ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері бойынша Гаага Конвенциясының ерекшеліктері туралы семинарда Жоғарғы Соттың судьясы Зәуре Кейкібасова және халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бірінші хатшысы Филипп Лорти сөз сөйледі.

Форумда Германия Федералдық әділет ведомствосының бөлім бастығы Кристиан Хен қамқоршылық мәселелеріндегі халықаралық даулар туралы, Халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны қолданудың сот практикасы туралы Астананың ювеналды сотының төрағасы Жанаргүл Алпысбаева мен Берлиннің отбасылық істер жөніндегі учаскелік сотының судьясы Йоанна Гуттцайт сөз сөйледі.

«Құқық» қоғамдық қорының басшысы Ольга Рыль Қордың отбасын ресурстық қолдау орталығы ретіндегі қызметі туралы айтып берді. Астана қаласы сотының судьясы Ақмарал Көшербаева мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының трансұлттық сот даулары бөлімінің хатшысы Мелисса Форд шетелде азаматтық немесе сауда істері бойынша дәлелдемелер алу туралы айтты. Кәсіби мамандардың мүдделі диалогы өтті. Форумға қатысушылар ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін білдірді.

БӨЛІСУ