Халықпен кездесу жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болу үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату айрықша маңызды, екенін атап өткен еді.

Ауыл аймақтағы елдің мұң мұқтажын тыңдап, жұртпен жүздесіп, күрделі, маңызды мәселелерді анықтап және оның шешу жолдарын қарастыру мақсатында Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың жетекшілігімен құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге аудандарды аралап, халықпен кездесу жұмыстары жүргізілуде.

Күні кеше Арал, Қазалы аудандарында басталған жұмыс бүгін Қармақшы, Жалағаш аудандарында жалғасын тапты.

Екі ауданда да Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың жеке қабылдауында болған адамдар қарасы аз емес.
Жастардың болашағына алаңдап өздерінің ой пікірін айту үшін келген азаматтар да болды.
Мәселен құмар ойындарына бәс тігіп, барынан айырылып, соңы қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар жоқ емес. Оған қоса заманына қарай айласын асырып, алаяқтық жолмен талайды сан соқтырып кетіп жатқандар тағы бар.
Жеке қабылдауда болған азаматтар осы мәселелерге өз алаңдаушылықтарын білдіріп, олардың алдын-алуға пәрмен беруді сұрады.
Бұдан басқа да сұрақтармен келген барлық азаматтардың мұң-мұқтажы тыңдалып, мәселесі ескеріліп, заң талаптары түсіндіріліп, ақпараттандыру жұмыстарына құлақ түруді және аудандағы құқық қорғау органдарының басшыларына тиісті тапсырмалардың берілетіні айтылды.

БӨЛІСУ