ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізілген талдауға сәйкес, бүгінгі таңда Байқоңыр, Төретам және Ақай елді мекендерінің аумағындағы ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық болып табылады.
Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатындар тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді.
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, оның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады.
Алаяқтықтың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т.б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін.
Интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау, сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.
Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;
- кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;
– күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;
- банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.
ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Анықтау бөлімшесі