Бүгін Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабай өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымы және Волонтерлар орталығының мүшелерімен кездесті. Кездесуде жастар мен волонтерлардың атқарылған жұмысына оң баға беріліп, алдағы жоспарлар талқыланды.

Бүгінгі таңда “Ассамблея жастары” ұйымы мен Волонтерлар орталығының құрамында 50-ден астам белсенді жас бар. Олардың бастамасымен түрлі форматтағы мерекелік кештер, қайырымдылық акциялары, спорттық және интеллектуалдық сайыстар, ғылыми-танымдық шаралар өткізіліп келеді. Шаралардың негізгі дені жастарға патриоттық тәрбие беруге, олардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.

Кездесу аясында өңірлік “Ассамблея жастары” ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева сөз сөйлеп, жас буынды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы облыстық ассамблея тарапынан жасалынып жатқан игі қадамдарға алғысын білдірді.

Қызылорда облысында жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 миллионға дейін шағын несие беру бойынша өтінімдерді қарау мақсатында конкурстық комиссияның бүгінгі күнге дейін 2 отырысы өтті.

Бұл бастамаға өңір жастарының белсенділігі жоғары. Мәселен, өткен жиында 7 жоба мақұлданса, кешегі отырыста комиссия мүшелері құны 134,1 млн.теңгені құрайтын 29 жобаны қараған. Екі отырыста қаралған 36 жобаның барлығы мақұлданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінде жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгенін айтқан болатын.

Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды. Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек, – деді Президент Қ.К. Тоқаев.

Бүгінде аймақта кәсіп ашамын, әрі қарай кәсібімді дамытамын деген жастарға қолдау көрсетілуде. Мемлекеттен 2,5 пайызбен берілетін шағын несиеге ұсынылған жобалардың басым көпшілігі экономика саласына қатысты. Яғни: құны 52,5 млн. теңгенің 12 жобасы жылқы шаруашылығы, 25,1 млн. теңгенің 6 жобасы ірі қара малға, 14,5 млн. теңгенің 3 жобасы түйе шаруашылығына және 29,5 млн. теңгенің 5 жобасы жүк автокөлігін алуға, құны 41,3 млн. теңгенің 9 жобасы қызмет көрсетуге (жихаз шығару, стоматология, қонақ үй,, косметикалық қызметтер және т.б.) және құны 5 млн.теңгенің 1 жобасына құрылыс материалдар өндірісіне бағытталған. Жалпы барлық үміткерлердің жасы 35 жастан аспаған, кепілдікпен қамтамасыз етілген болуы керек.

Кездесу соңында ұйымның белсенді жастары марапатталды.

БӨЛІСУ