Бүгінгі таңда ғаламтор желісінің қарқынды дамуына орай, кейбір қызмет түрлерінің цифрландырылуына байланысты, сонымен қатар электрондық және криптовалюталық төлем жүргізудің мүмкіндіктерінің туындауы интернет- алаяқтықтың түрлі әдістері мен тәсілдеріне, сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық жүйе арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар жиілеп кеткен.
Осы орайда, азаматтарды интернет қызмет түрлерін пайдалануда мұқият болуға шақырамыз. Күмән тудыратын сілтемелерді ашпай, жеке мәліметтерді (ЖСН, IBAN, CCV) бермеу қажет. Егер Сіздің төлем картаңызға белгісіз тұлғалардан ақша түссе және басқа шотқа аударуды өтінсе дереу өзіңіздің банк Call орталығына немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Егер Сіз белгісіз тұлғаның сұрауын орындасаңыз алаяқтардың құрбаны болып қалуыңыз әбден мүмкін.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін төмендегідей кеңестерді сақтауларыңызды сұраймыз :
1. Ешқашан ешкімге өзіңіздің жеке басыңыздың мәліметтерін (жеке куәлік, сурет, төлем картаңыздың суретін, 3 сандық CCV кодын) жолдамаңыз.
2. Интернет арқылы сатып алынатын тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз.
3. Егер Сіз жылжымайтын мүлік, көлік немесе тауар сатсаңыз төлемдерді қолма-қол алған дұрыс.
4. Егер тауардың, көліктің немесе жалға беру бойынша хабарландыруда алдын ала төлем жасау керектігі жазылса және байланыс тек “Ватсап”желісі ғана арқылы болса электрондық төлем жүргізудің еш қажеті жоқ.
5. Түрлі мессенджерлер арқылы Сізге сілтемелер келсе, ол алаяқтардың тұзағы болуы әбден мүмкін.
6. Түрлі сайтта банк карточкаңыздың мәліметтерін жарияламаңыз. Бұл Сіздің жеке мағлұматтарыңызды алуға арналған арнайы фишинг сайты болуы ықтимал.
7. Ғаламтор желісі арқылы ұйымдастырылатын ұтыс ойынына қатыспауыңыз керек.
8. Үлкен пайда әкелетін түрлі жобаларға ақша салмаңыз. Сізге басқа шетел абоненттік нөмірі арқылы хабарласып, биржаға, криптовалютаға ақша салуыңызды сұрауы мүмкін.
9. Егер Сізге банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласса, банк қызметкерлері Сіздің картаңыздың мәліметтерін немесе құпия сөз және код сұраған жағдайда, сонымен қатар, алаяқтар түрлі абоненттік нөмірін ауыстырып көрсететін домен арқылы хабарласулары мүмкін. Мұндай жағдайда телефон тұтқасын қоя салыңыз.