Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жеке тұлғалар үшін соттан тыс банкроттықты түсіндіру мақсатында «Құқықтық кеңес» тақырыптық қабылдауы өткізілді.
Қабылдауға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Г. Ертанова және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдер басқармасының жетекші маманы А. Махмутов қатысып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құзырлы мекеменің мәліметі бойынша Банкроттық туралы Заң күшіне енгеннен бері облыс бойынша банкрот деп тану туралы барлығы 4009 өтініш тіркелген. Оның 523-і қанағаттандырылса, 3082 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды. 404 өтініш қаралу үстінде.
Яғни, жіберліген өтініштердің 76%-ы қанағаттандырусыз қайтарылған. Негізігі себептердің бірі ретінде өтініш білдірушілердің құжаттарды ұсыну кезіндегі қателіктер жіберуі болып табылады.
Осы олқылықтың орнын толтырып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндікке тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында партия филиалы «Құқықтық кеңес» жобасының аясына жеке тұлғалар банкорттығы мәселесін де енгізді.
Қабылдауға келуші тұрғындарға тақырып бойынша сұрақтарына жауап берілді. Құжаттарды толық толтыру, ХҚКО-на барып, ұсыну шарттары айтылды. Бұған дейін өтініш білдіріп, қанағаттандырусыз қалған өтініш иелері олқылықтарының орнын жойып, алдағы уақытта қайта тапсыратындығын жеткізді.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.