Бүгінгі күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Оңталту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы заңның нормалары бойынша борышкерлердің қаржылық-шаруашылық әрекетінің көлемі мен айналымына қарамастан банкроттық рәсімін өткізудің бірыңғай тәртібі қарастырылған.

Ал шындығында әрекет жасамаған, дәрменсіздік белгілері бар, алайда банкроттықты бастамашылық етпейтін бизнес субъектілер үшін жалпы бел- гіленген банкроттық рәсімінің тәртібі- нен тыс банкроттық рәсімін қозға- май борышкерді тарату да осы заңда қарастырылған.
Заңның 7-тарауында көрсетілгендей, негізінен банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату екі жағдайда жүзеге асырылады. Оның бірі – борышкер жоқ борышкер болып табылған жағдай- да, екінші осы заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар- дың жиынтығы болған жағдайда. Осы жағдайлардың біріншісі туындаған кезде салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, екінші жағдай бо- йынша борышкер сотқа жүгіне алады.
Бірінші жағдайда кредитордың сотқа жүгінуіне келесі мән-жайлар не- гіз болуы шарт:
борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай бойы анық- таудың мүмкін болмауы, бұл жөнінде уәкілетті орган айқындаған нысан бо- йынша және тәртіппен құжат жасалады;
өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің меншік құқығында мүлкінің, сондай-ақ дебиторлық бере- шегінің болмауы;
өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің жасалған жағдайда осы заңда және Қазақстанның өзге де заңдарында көзделген негіздер бой- ынша жарамсыз деп танылуы мүм- кін мәмілелер жасамауы. Бұл ретте өтінішке қоса борышкердiң салықтар және кедендік төлемдер бойынша кре- дитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешегінiң бар екенін және сомасын, борышкердің жоқ борышкер болып табылатынын растайтын құжаттар қоса берілуі қажет.

Ал, борышкердің сотқа банкроттық рәсімін қозғамай өзін тарату туралы өтінішпен жүгінуі үшін:
1) борышкердің кредиторлар ал- дында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын берешегінің болуы;
2) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің меншік құқығын- да мүлкінің, сондай-ақ дебиторлық берешегінің болмауы; борышкердің жасалған жағдайда осы заңда және Қазақстанның өзге де заңдарында көз- делген негіздер бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін мәмілелер жа- самауы; борышкердің банктік шоттар мен касса бойынша төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асырмауы; борышкердің Қазақстанның салық және кеден заңнамасында белгіленген салықтық және кедендік тексерулер мен өзге де бақылау нысандарының тізімдеріне енгізілмеуі;
3) өтініш берілген күнге қылмыс- тық қудалау органдарының борышкер қызметіне байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін заң- ды тұлғаның құрылтайшысына (қаты- сушысына) немесе оның лауазымды адамына, сол сияқты дара кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізбеуі негіз болып табылады.
Сот осы заңда белгіленген та- лаптарға сәйкес келетiн, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Аталған ұйғарымның көшiрмесі бо- рышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына, сондай-ақ, егер борышкер заңды тұлға болып табыл- са, борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық әділет органына жiберіледi.

Сот банкроттық рәсімін қозға- май борышкерді тарату туралы iсті қозғаған кезден бастап, осы рәсімге банкроттық рәсімін қозғау салдарлары жүргізіледі.
Яғни, заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшыларына (қатысушы- ларына), барлық органдарына мүлікті пайдалануға және өткізуге, сондай-ақ міндеттемелерді өтеуге тыйым салы- нады; банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі; банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады; сотта банкроттың қатысуымен қаралатын мүлiктiк си- паттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, тоқтатылады; үшінші тұлғалар- дың кепілдіктері мен кепілгерліктерін орындау бойынша талаптарды, сон- дай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болатын жағдайларда кепіл нысанасын өндіріп алуды қоспағанда, банкротқа банкроттық рәсімі шеңберінде ғана талаптар қойылуы мүмкін; әкімшінің өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ау- ыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салулар және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады; бан- кроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу және банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарам- сыз деп тану туралы және банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеле- нуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.
Сот іс қозғау туралы ұйғарым шыға- рылған күннен бастап бес жұмыс күні- нен аспайтын мерзiмде банкроттық рәсімін қозғамай борышкердi тарату ту- ралы шешiм шығарады. Сот шешімімен тарату рәсімін жүргізу уәкілетті органға жүктеледі.

Айнұр ӘБІЛҚАЙЫСҚЫЗЫ,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

БӨЛІСУ