Бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев іс-шараға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, игі тілегін арнады.

– Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі марапаттау рәсімінде: «Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз – ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті» – деген болатын.
Біз өңірге қатысты өнегелі істерді әрдайым үлгі етуге тиіспіз. Өткен жылы Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы генерал-майор шенін алған болатын. Бүгін Мемлекет басшысы Елорда төрінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Болат Аюбайұлы Қалмырзаевқа генерал шенін табыстады. Бұл Президентіміздің облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыс нәтижесіне берген лайықты бағасы деп білеміз, – деді облыс әкімі.
Салтанатты іс-шарада бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қызметкері марапатталды. Жиын соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, отансүйгіштікке үндейтін патриоттық әндер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ