Қазақстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды
Тәжікстан Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында 2023 жылғы 4 мамырда Астана қаласында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Сулаймон Султонзодамен кездесті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Асхат Жұмағалиев Орталық Азия өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы екі ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді қарым-қатынас орнатуға тілек білдірді.