Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен келер жылдың бюджетін қалыптастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы бюджет заңнамасына сәйкес биылғы 15 мамырға дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілері салалық министрліктерімен жұмыс жасауы тиіс екенін айтты. Бағдарлама әкімшілері 2024 жылдың бюджетін қалыптастыру үшін бюджеттік өтінімдерді енгізу керек.

«Биылғы бюджет өткен жылмен салыстырғанда 360 млрд. теңгеден 593 млрд. теңгеге артты. Бұл – орталық мемлекеттік органдармен жасалған жұмыстардың нәтижесі. Алайда, әр сала бойынша алдын-ала талдау көрсеткендей, келесі жылғы бюджетті қалыптастырудағы жұмыстар толыққанды емес. Алдағы жылдың бюджетінде осы жылмен салыстырғанда өсу қарқынын қалыптастыру қажет», – деп ескертті Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыстық басқарма басшылары өз салалары бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндап, алдағы уақытқа қойылған міндеттеріне тоқталды.

Жиын қорытындысымен облыс әкімі 2024 жылдың бюджетін осы жылдың бекітілген бюджетінен кемінде 10-20 пайызға арттыруды тапсырды. Уақыт тығыз болғандықтан, 2024 жылға бюджетті қалыптастыру жұмыстары осы жылдың 5 маусымына дейін аяқталуы керек. Аймақ басшысы аталған мәселе қатаң бақылауға алынатынын ескертті.
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыпты. Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі4,6 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 пайызға, инвестициялар тарту 52,2 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 38,7 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2,9 пайызға және сауда көлемі 2,1 пайызға артты.

Облыстық бюджеттің өз кірістерін 4,5 млрд.теңгеге ұлғайту, сондай-ақ бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілері үнемдеген және оңтайландырылған қаржыны 15,7 млрд. теңгеге қысқарту, 5,3 млрд. теңгежергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі таңда облыс бюджеті 592 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл Мемлекет басшысы мен Үкімет көрсеткен қолдаудың, аймақ басшысының жүйелі жұмысының нәтижесі.

 Бұл қаржы өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталмақ. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы шығындарына және әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады. Жылу-энергетикалық жүйені жаңғырту, «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергетикалық қондырғыларын дамыту жобалары қаржыландырылады.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл облыста облигациялық қарыздар есебінен 12 әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға, Қызылорда қаласының сол жағалауындағы тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылым желілерін тартуға қосымша қаржы бағыттамақ.

Мұнан бөлек, республикалық бюджетті нақтылау кезінде аймағымызға 39,9 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нысаналы трансферттер мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын ұлғайтуға, «Ауылда денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған. Сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының құрылысына, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға, көлік инфрақұрылымын, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді, су және жылу желілерін дамытуға бағытталмақ.

БӨЛІСУ