Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Еспанов Қайрат Әділбекұлының қатысуымен 250 мектеп-лицейінің оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында инспектор ҚР ӘҚБтК-нің 442бабы 2 бөлімі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек, қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның ішінде жалған ақпарат таратпау және мектепке қауіпті заттар әкелмеу жайында айтылды. Бұл жөнінде заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.
2023-05-04