Облыстық дін істері және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармаларының ұйымдастырылуында дін істері басқармасының және оған қарасты
дін мәселелерін зерттеу орталығының мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алудың бірқатар өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтарды алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары қатаң сақталуы қажет екендігі бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында, қатысушылар тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты қойылған бір қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.

Жалпы мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандардың біліктіліктері арттырылуда .
2023 жылдың 3-4 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның мемлекеттік сатып алу саласындағы бизнес-тренері, goszakup.gov.kz веб-порталын әзірлеуші Еркеев Ерік Серікұлының дәріс беруімен «Қазақстан Республикасындағы 2023 жылғы мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында семинар өтуде.
Семинарға облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары қатысуда.
Семинардың бағдарламасына сәйкес қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер мен мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық рәсімдері түсіндіріліп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасы талқыланады.
Семинардың ашылу рәсіміне облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Дастан Баймаханов арнайы қатысып, мемлекеттік сатып алу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

БӨЛІСУ