Бүгін аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін қабылдады

Қабылдауға Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың 2 орын иегері Жахат Аяулым Ерболқызы, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиаданың 3 орын иегері Ботабай Бағдат Жалғасбекұлы, №31 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың 3 орын иегері Цой Людмила Станиславовна, оқушылардың жетекшілері мен мектеп директорлары қатысты.

“Жалағаш ауданы білім саласынан үздіктер қатарында. Білім бәсекесінде біздің оқушыларымыз көш басын бастап тұр. Оның дәлелі өздеріңізсіздер. Білімге құйған инвестиция ең қайтарымды инвестиция. Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанып, ауданның ғана емес Сыр елінің абыройын асқақтаттыңыздар. Елдің болашағы білімдінің қолында екенін ескерсек, біз білімді оқушыларға, білімнің бастауы ұлағатты ұстаздарға сенім артамыз” – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында Асқарбек Темірбекұлы олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін “Алғыс хатпен”марапаттап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстады.

БӨЛІСУ