Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған мобильді топпен 13-21 сәуір аралығында жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізілетіндігі және адамдардың өмір сүруін, бостандығын, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығы болып табылатындығы туралы түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.
Айта кету керек, мобильді топтың құрамында Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы, Қызылорда қаласы полиция басқармасы, қалалық қоғамдық даму бөлімі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар, «Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамы» қоғамдық қоры бар.