Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Әйтеке би кентінің іргесінде жатқан бақшалықтарды аралады.

Тұрғындар арғы бет атап кеткен 5-ші квартал аумағында жыл сайын бақша жұмыстарымен айналысатын бір топ ақсақалдар бар. Күн жылынғаннан соқа-кеппенін сайлайтын олар бақшалық арықтарын тазалап, егін жұмыстарына кірісіп кетті. 21 гектар жердің игілігін көргісі келетін зейнеткерлерге ризашылығын білдірген аудан басшысы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұнан соң аудан әкімі Венера Тайлақбаеваның иелігіндегі 5 гектар жердің басындағы бақша егу жұмыстарымен танысты. Бабы бар бақшаның берекесі мол болатынын айтқан Мұхтар Әуесұлы, бақшалықтың бақылауды қажет ететінін айтты.

Айта кетейік, аудан басшысының жанында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов және Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров болды.

БӨЛІСУ