Ел Президенті мен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Ерекше атап өтуіміз қажет, 2023 жылға облыс бюджеті т520,7 млрд. теңге көлемінде бекітілген болатынКүні кеше нақтылаумен оның көлемі 592,8млрд. теңгеге жетті. Бұл 2022 жылғы бюджет көлемімен салыстырғанда (387,3 млрд.теңге) 205,5 млрд. теңгеге немесе 1,5 есеге артық.

Облыс халқының 97,8 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар жасалуда. Өткен жылы 6 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетсе, биыл 12 ауылдық елді мекенді газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 72 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Жергілікті маңыздағы 366 шақырым автомобиль жолдары жөндеу арқылы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі өткен жылы 82 пайызға жеткізілсе, биыл оны 87 пайызғажеткізетін боламыз.  Бұл мақсатқа биылғы жылы 29,9 млрд. теңге(РБ – 14,6 млрд. ОБ-15,3 млрд.) қаржы қаралды. Жыл көлемінде республикалық бюджеттен қосымша қаржылар келеді деп жоспарлануда.

Аймақ үшін өзекті жобалардың бірі, бұл – Президенттің тікелей бақылауындағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы. Аталған жолдың ұзындығы 216 шақырымдықұрайды, биылғы жылы оның 140 шақырымнан астам бөлігін аяқтау межеленуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқтап, халық игілігіне берілетін болады.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады. Оның ішінде, биылғы жылы Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталса, келесі жылы Талап, Әбдіғаппар ауылдарында басталады.

Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 36,4 млрд. теңге. Сонымен қатар  200 төсектік жаңа перинаталдық орталық құрылысы басталады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы
3 жылда облыста 15 100 орынға арналған құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. Биылғы жылы 10 мектептің құрылысы басталады. Оның 2-уі Жаңақорған ауданы орталығынан салынады.

Жайылма, Өзгент ауылдарында 150 орындық клуб, Ақжол ауылында денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл алдағы негізгі жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана.

Өткен жылдың желтоқсан айында Үкімет Басшысы өңірге жұмыс сапарымен келу барысында аймақтың өзекті мәселелері көтерілген болатын. Нәтижесімен бірқатар ұсынған жобаларға қолдау білдірді.

Бүгінде Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы «Білімді қолдау қоры» қаражаты есебінен басталды. Жобаның құны –
7,9 млрд. теңге. Құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын Неке сарайын тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы желтоқсан айында, ал, сол жағалауда құны               2,7 млрд. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылы ел игілігіне берілмек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы туған жеріне жанашырлықпен қарайтын кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, елдің экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырған болатын.

Осы жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер, осы елден шыққан меценаттар белсенді араласып, қайырымдылық шараларына, туған жерін түлетіп, көркейтуге бар күш-жігерлерін салуда.

Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны  1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүргізілуде. Шілде айында пайдалануға беріледі.

«Балалар жылында» аймағымыздың демеушілері жалпы құны  1,6 млрд. теңгеге 80 спорт-ойын алаңын салып, балдырғандарымызға тарту етті.

Қазір бұл бастаманы жалғастырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруды және ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңартуды бастап отыр.

Демеушілер есебінен Жаңақорған ауданында құны 790 млн. теңге болатын заманауи демалыс паркі ашылды. Сырдария ауданында, Нағи Ілиясов ауылында құны 450 млн. теңгені құрайтын «Еңбекшілер паркі» бой көтерді. Арал ауданындағы апатты деп танылған Тоқабай ауылындағы мектеп жеке инвестор есебінен 500 млн.теңгеге қайта салынуда. Нысанды ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

Өткен айда Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен құны 31 млн. АҚШ долларынқұрайтын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының іргетасы қаланды. 2024 жылы пайдалануға берілмек.

«ҚазГерМұнай» ұлттық компаниясы басшылығымен келісім нәтижесінде Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасы басталады.

БӨЛІСУ