«Q-Med company group» емханасы халыққа жоғары сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетеді. Орталықтың негізгі қызметі ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.

«Q-Med company group» емханасының ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов және медицина саласының ардагерлері сөз сөйледі.

Қазіргі таңда емхана 60-тан астам қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Айта кету керек, оның ішінде орта буынды медициналық қызметкерлер Қызылорда мемлекеттік медицина колледжінің үздік түлектері.

Сондай-ақ, облыс көлемінде науқастарға аса қажет болып табылатын заманауи медициналық құралдармен жабдықталған бұл орталық қазіргі уақытта 6000-нан астам тұрғынға қызмет көрсетуде және алдағы уақытта 20 000 халыққа қолжетімді сапалы медициналық қызмет беруді жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ