ҚР Қылмыстық кодексіне кінәліге тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау белгілері енгізілді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлден адам құқықтары саласындағы заңның жаңашылдықтары туралы айтып берді.
«Түзетулер сотталғандардың денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру, ауыр сырқаттар болған кезде адамгершілікпен қарау, сотталған әйелдердің балаларымен әлеуметтік байланыстарын сақтау, алғаш рет сотталғандар арасында заңға бағыну мінез-құлық тетіктерін кеңейтуді, сондай-ақ ұлттық заңнаманы БҰҰ-ның азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес келтіруді көздейді», – деді ҚР ІІМ департаментінің бастығы.
Сонымен қатар Заңда тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасынан өзге, қылмыстық заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тұрмыстық жағдайда «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты жасалған» ауыр жарақат және орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін ауырлататын қылмыстық жауапкершілік туындайтын болады. Қылмыстық кодекстің 106-шы және 107-ші баптарында көрсетілген «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген ауырлататын мән-жайлар енгізілді.
Заңның тағы да бір жаңалығы – бейнежазбаны қолданған жағдайда тергеушінің қысқаша хаттама жасау құқығының енгізілуі.
«Бұл процесуалдық мерзімнің қысқаруын және азаптауды болдырмауды қамтамасыз етеді. Норма азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, тергеу әрекеттерін жүргізу уақытын қысқартуға және бюрократиядан арылуға бағытталған», – деді Е. Шүлден.
Оның айтуынша, қылмыс деңгейіне 250 фактор, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар әсер ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
«Статистика көрсеткендей, қылмыстардың 80%-ын жұмыссыздар жасайды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылардың жартысы еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды. Адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы мастық күйінде жасалады. Елордада қылмыстың жартысын сырттан келушілер жасайды. Бұл проблемаларды тек күштік әдістермен шешу мүмкін емес», – дейді ІІМ комитетінің төрағасының орынбасары.
Сондықтан тұжырымдама жұртшылықты, ҮЕҰ-ны, ұлттық және халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды белсенді тарта отырып әзірленеді. ІІМ сайтында ұсыныстар жинау парағы бар.
Тұжырымдама жобасы ІІМ Қоғамдық кеңесінің отырысында, халықаралық форумдар мен дөңгелек үстелдерде қаралды.
«Осылайша, тұжырымдама қоғамның заманауи және өзекті сұрауларын ескеріп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сай келетін болады», – деп қорытындылады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Спикердің айтуынша, жыл сайын полицияға отбасылық-тұрмыстық жанжалдар туралы 100 мыңнан астам өтініш пен хабарлама келіп түседі. Бұл саладағы заңнама біресе қатаңдатылды, біресе жеңілдетілді, бірақ бұл айтарлықтай өзгерістер әкелмеді. Оның үстіне, 2015-2016 жылдары 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілер ешқандай жазаға тартылған жоқ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа проблемаға тап болды – жәбірленушілер көбінесе агрессорға қаржылық және психологиялық тәуелді бола тұра, шағымданғысы келмейді.
«ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір хабарламаға ден қою шараларын қолданады, алайда 60% жағдайда жәбірленушілер арызданудан бас тартады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жәбірленушінің өтініші болмаса, отбасындағы жанжалқойды жауапқа тартуға болмайды. Нәтижесінде, жазасыздық бассыздыққа әкеледі, қол жұмсау әдетке айналады, көбінесе мұның салдары ауыр болады», – деді ІІМ комитетінің төрағасының орынбасары.
Биылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 мың қорғану нұсқамасы шығарылды. Жанжалқойларға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама жолданды. Сот шешімі бойынша 4 мыңнан астам адам қамауға алынды.
Алайда, жәбірленушілердің жартысына жуығы сотта агрессорлармен татуласты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталанған жағдайлары жиі кездеседі.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйектегі Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы тапсырма берді. Оған сәйкес, ІІМ осындай құқық бұзушылықтарды тіркеудің арызданудан анықтаушы сипатына көшуді көздейтін заңнамалық өзгерістер әзірледі.
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, полиция жанжал болған жерге келгеннен кейін жәбірленушілер арыз жазудан бас тартады. Өткен жылы ғана 70 мыңнан астам осындай факті орын алған. Алайда, полиция кеткеннен кейін жанжалдар қайта басталып, кейде ауыр зардаптарға әкеледі», – деді спикер.
Түзетулер жәбірленушінің өтінішінсіз осы салада әкімшілік іс қозғауға мүмкіндік береді. Енді хаттама толтыру үшін көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларынан немесе полиция қызметкерінің бейнетіркегішінен жазбалар жеткілікті.
Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.
2022 жылы тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 47 мың әкімшілік хаттама жіберілді, оның 20 мыңы татуласуға байланысты тоқтатылған. Енді сотта бір рет қана татуласуға болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері айқындалды және ұлғайтылды. Заң талаптары күшейтілген түзетулер ҚР ҚК жекелеген баптарына енгізілді.
«Парламент депутаттары түзетулерімізді қолдады, Мемлекет басшысы оларға қол қойды. ҚР ҚК өзгерістері 15 мамырдан бастап, ӘҚБтК 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді», – деп түйіндеді ІІМ Әкімшілік комитетінің басшысының орынбасары.