ХХ ғасырдағы ең ірі техногенді апат деп саналған Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс адамзат санасын сансыратып кетті. Осы бір апаттың радиоактивті түтінінің салдарынан, 100 мыңдай адам мерт болып, қатысқан жандардың 80 пайызының денсаулығы сыр берген.

Сол бір қасіретті кезеңде бауырлас халыққа көмек қолын созғандардың қатарында шиеліліктер де аз болған жоқ.
Адамзат баласын радиацияның зиянды әсерінен қорғап, оның одан әрі тарауына тосқауыл болу үшін Шиелі ауданынан 80-нен астам адам аттанды. Мыңдаған отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді.

Бүгін осы бір қасіретті оқиғаның орын алғанына 37 жыл толуына орай “Тағзым алаңында” арнай шара ұйымдастырылып, қатысушылар гүл шоқтарын қойып, қаза болған жандардың рухына құран бағышталды.

БӨЛІСУ