Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудандық полиция бөліміндегі орын алған кадрлық өзгеріске қатысты мәжіліс өтті.

Жиынды жүргізген аудан басшысы Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұловтың ауданға келудегі мақсаты – аудандық полиция бөліміндегі кадрлық өзгеріске байланысты екенін айтты.

Мұнан соң сөз алған Ілияс Байжұманұлы Қазалы ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалған Асылбай Аңсатовты таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәжілісті қорытындылай келе аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы Асылбай Шудабайұлының асқан жауапкершілікті қажет ететін салада аянбай тер төгетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, аталған жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, қала, кент әкімдері мен дербес бөлімдер, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары және мектеп директорлары қатысты.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ