Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Ұзақбай Оразгелді алимент төлемдерін өндіру жұмыстары туралы баяндады.

Бүгінде борышкерлердің басым көпшілігінің тұрақты жұмысы болмағандықтан, оларды жұмысқа орналастыру арқылы алимент өндіруді жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының әділет департаменті, Прокуратура, Өңірлік палата және Жұмыспен қамту орталықтары бірлесіп ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруда. Сәйкесінше, өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында 30-ға жуық борышкерлер жұмыссыздықпен тіркелсе, оның 20-дан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс бойынша жүргізілуде.

-Өздеріңізге белгілі, елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші жылдан жылға артуына байланысты алимент мәселесі өзекті бола түсуде.
Алимент төлемдері – ең бірінші ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына төленетін алименттік төлем болып табылады. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының сот орындаушылары 12 мыңға жуық құжатты орындауда. Ал өткен жылы жеке сот орындаушылармен 398 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылған болатын,-деді Ұзақбай Оразгелдіұлы.

@ Өңірлік коммуникациялар қызметі

БӨЛІСУ