Қызылорда облысында заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде сатып алу акциясы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика көлемінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қару сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.
Іс шараның негізгі мақсаты – еліміздің территориясында заңсыз қару ұстап, заңсыз қару сақтаған азаматтарды анықтап, олардан отты қаруды тәркілеу. Алдын ала хабарлау арқылы азаматтардың сана сезіміне ықпал ету. Егер олар өздері ерікті түрде қолдарындағы отты қаруды тапсырса қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қаруды өздерімен бірге алып жүріп полиция қызметкерлерінің қолына түсетін болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР қылмыстық кодексінің 250 бабында көрсетілгеніндей әр азамат заңсыз қару сақтаған жағдайда 3 жылға және отты қаруды пайдалану мақсатында қолға түссе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты сыйақы тағайындалады.
Акцияның 8 күнінде облыс тұрғындарынан 30 өтініш түсіп, 49 дана қару қабылданған.
ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес бір айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Құрметті облыс тұрғындары!
Тіркеуде жоқ заңсыз сақтаудағы қаруларды, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

БӨЛІСУ