Қызылорда облысының Полиция департаменті 3 айдың жұмысын қорытындылады.
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы жеке құрамның қатысуымен Жедел кеңес өткізіп, 3 айдың жұмысын қорытындылады.
Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі азайды.
Полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының айтуынша өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Ауыр қылмыстар, ұрлық, мал ұрлығы және алаяқтық қылмыстары төмендеді.
Бүгінгі кеңес барысында Шамшидин Егенбердіұлы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді. Оның ішінде кадрлық процестерді автоматтандыру және полиция қызметін цифрландыру нәтижелері, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де бар.
Сонымен қатар, Кеңес барысында департамент бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Досжанов Амангелді Асқарұлы сөз сөйледі.
«Полиция қызметкерлері халық үшін ашық болуы тиіс, өйткені құқық қорғау органдарына қойылатын негізгі талап – тиімді жұмыс, ал негізгі көрсеткіш халықтың сенімі болып табылады» деді полиция полковнигі Досжанов Амангелді. Сонымен қатар, Амангелді Асқарұлы заңдылықты сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, қылмыстық істерді тергеудің жеделдігі мен сапасын арттыру мәселелерін де айтып өтті.
Жедел кеңес барысында полиция органдарының 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша жедел – қызметтік жұмыс және жеке құрам арасындағы тәртіптің, заңдылықтың жай – күйі туралы Департаменттің қызмет сала басшылары мен қала, аудандық полиция бөлімінің бастықтары баяндама жасады.
Полиция қызметінің өзекті мәселелері, халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде де сөз қозғалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Амитов Шамшидин Егенбердіұлы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру, сын – ескертпелер мен жаңа бағыттағы жұмыстар бойынша талап қойып, нақты шараларды белгіледі.